Астана қаласы әкімдігінің "Мағжан Жұмабаев атындағы № 65 мектеп-гимназия" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2010 жылы 1 қыркүйекте ашылды.
Мектептің миссиясы: Біз оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, қоғамда өзіндік орны бар, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелейміз, инклюзивті мәдениетті қалыптастырамыз.
Мектептің зерттеу тақырыбы: Қашықтан оқыту жағдайында білім мазмұнын жаңарту талаптарын орындауда мұғалімдер мен оқушылардың АКТ құзыреттілігін арттыру.
Мектеп құндылықтары: құрмет, шынайы қарым-қатынас, жан-жақтылық, үздіксіз ізденіс, өзіндік даму, бірін-бірі қолдау.
Білім беру мекемесі Сарыарқа ауданының 187 көшесінде, 18/4 ғимаратында орналасқан. Гимназия қоғамдық-гуманитарлық бағытта білім береді. Білім алушыларға оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мектеп екі ауысым тәртібімен жұмыс істейді.Мектеп директоры: Елекеева Нұргүл Жақсыбекқызы. Мектептің сыйымдылығы - 1200 оқушы. 2021-2022 оқу жылында 3028 оқушы білім алып жатыр.
Біздің гимназиямызда «Балақайлар мектебіне» қабылдау басталғанын қуана хабарлаймыз. Балаңыз 5 пен 6 жас аралығында болса, және де Сіз оған өмірдің ең үздік бастамасын жасағыңыз келсе, бізге қош келдіңіз! Сіз үшін біз не ұсынамыз!
«Балақай мектебі» бағдарламасының жұмысы туралы мәлімет: Бағдарламаны іске асыру ұзақтығы жазғы кезеңде 1 айды (20 күн) құрайды. Мерзімі: І ауысым: 2.06 - 27.06.2025 жыл ІІ ауысым: 04.08 - 29.08.2025 жыл Топтың құрамы 25 балаға дейін.
Жұмыс тәртібі: Аптасына 5 күн Күніне 4 сабақ Сабақ уақыты 20 минут Қоңырау үзілісі 5-10 минут
Жұмыстың негізгі бағыттары: Коммуникативтік дағдыларды дамыту Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру Мекенжай: Б.Соқпақбаев 18/4 Өтініш қабылдау: 100 А кабинеті
2026 жылғы 27 мамырдан бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады.
📌 Қабылдау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына (өзгерістер мен толықтыруларымен) сәйкес жүргізіледі.
📝 Қажетті құжаттар тізімі:
Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі Ата-анасының (заңды өкілінің) жеке куәлігі №052-2/у және №065-у медициналық анықтамалары 3х4 көлеміндегі 2 дана фото Баланың тұрғылықты мекенжайы туралы анықтама
📍 Құжаттарды қағаз түрінде мектепке немесе электронды форматта eGov порталы арқылы тапсыруға болады.