Меню KDT

Жаңалықтар

📌 Мектеп психологының күні – жан дүниеге жасалған саяхат.


Бүгін мектебімізде психолог маманымыздың атқарып жатқан маңызды да мазмұнды жұмыстарының бір бөлігімен танысып қайттық.


🔹 Мектептің кіреберісінде ата-аналарға арналған арнайы ақпараттық бұрыш ұйымдастырылды. Онда отбасылық қарым-қатынас, бала психологиясы, эмоционалдық қолдау туралы пайдалы кеңестер мен материалдар ұсынылды. 🔹 Оқушыларға арналған мотивациялық қабырға да назардан тыс қалмады. Бұл жерде сенім жәшігі орнатылып, оқушылар өз ішкі сезімдерімен бөлісе алады. Сонымен қатар, күн сайын мотивациялық жазбалар ілініп отырады — бұл балаларға қолдау көрсетудің бір жолы. 💌✨ 🔹 Психология кабинеті — оқушылар үшін қауіпсіз әрі сенімді орта. Мұнда балалар маманға келіп, өздерін мазалап жүрген сұрақтарымен бөлісіп, кәсіби көмек ала алады. 🔹 1-сынып оқушыларымен адаптациялық жұмыс жүргізілді. Балалардың жаңа ортаға үйреніп кетуіне көмектесетін жаттығулар мен психологиялық ойындар ұйымдастырылды. 🔹 Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жеке қолдау көрсетілді. Психолог оларды ортаға бейімдеумен қатар, сыныптастарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қабылдау мен түсіністікке тәрбиеледі. 🤝❤️ Психологиялық қолдау — баланың жан-жақты дамуының маңызды бөлігі. Мектебімізде бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
6 просмотров

Добавлено: 10.09.2025 в 12:21