Жаңалықтар
5 ҚЫРКҮЙЕК – ҰЛТ ҰСТАЗЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІНІҢ КҮНІ
Бүгін мектебімізде ұлт ұстазы, ағартушы, лингвист, реформатор Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне арналған ерекше форматтағы TEDx іс-шарасы өтті. 🔹 Шара барысында тіл тақырыбын арқау еткен түрлі бағыттағы 7 спикер өз ойларын ортаға салып, аудиториямен әсерлі диалог орнатты. 🔹 Оқушыларымыз ұлттық рухты көтеретін патриоттық өлеңдер оқып, шараның мазмұнын тереңдете түсті. 🔹 Сонымен қатар, мектебіміздің директоры мен директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары құттықтау сөз сөйлеп, тілдің қоғамдағы рөлі мен жас ұрпаққа жүктелетін жауапкершілік туралы тұшымды ойларымен бөлісті. 📌 Бүгінгі күн – тілге деген құрметтің, рухани тұтастықтың белгісі. Ұлт ұстазының мұрасын ұлықтап, мемлекеттік тілді дамыту жолында аянбай еңбек етер ұрпақ тәрбиелеу – басты мақсатымыз.
2 просмотров
Добавлено: 05.09.2025 в 12:16