Жаңалықтар
МЕКТЕБІМ - МЕЙІРІМ МЕКЕНІ
2025–2026 оқу жылының Білім күніне арналған салтанатты жиыны өтті.
2025–2026 оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!🔔
Бүгін мектебімізде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл күн — әрбір оқушы, ұстаз және ата-ана үшін ерекше маңызды әрі толқулы сәт.
✨ 1-сынып оқушылары алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, білім әлеміне сапарын бастады.
🎓 11-сынып түлектері үшін бұл — соңғы “Алғашқы қоңырау”, болашаққа бағытталған үлкен жолдың бастауы.
🔹 Шара барысында мектепке арнайы қонақ ретінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінен Исмуханова Ляззат Исламбековна келіп, жылы лебізін білдіріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде білімнің маңыздылығына тоқталып, оқушыларға үлкен сенім артатынын жеткізді.
🎤 Мектеп директоры Елекеева Нұргүл Жақсыбековна құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға ақ жол тіледі.
🔔 Салтанатты түрде соғылған алғашқы қоңырау — білім мен ізденіске бастар жолдың белгісі болды.
📖 Жаңа оқу жылы баршаңыз үшін табысты, сәтті және жарқын болсын!
Білім алуға деген құлшыныстарыңыз артып, әр күн жаңа жетістікке толы болсын!
6 просмотров
Добавлено: 01.09.2025 в 11:44