Меню KDT

Жаңалықтар

А.Байтұрсыновтың туған күні және Қазақстан халқы тілдері мерекесі



2024 жылдың 09-20.09 аралығында 5-қыркүйек- А.Байтұрсыновтың туған күні және Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі жоспарланған. Бүгін мектебіміздің оқушыларына арналған «Ана тілім - ардағым» тақырыбында лездеме болып өтті. Лездемеде қазақ ақындарының өлеңдері жатқа оқылып, алдағы онкүндікте жоспарланған сыныптан тыс іс-шаралар мен кездесулер, әдеби кештер тақырыптары таныстырылды.

Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, —
Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тiлiм,
Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм,
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!
Мағжан Жұмабаев.
10 просмотров

Добавлено: 09.09.2024 в 08:57