Меню KDT

Жаңалықтар

«Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдері» атты танымдық сабақ



«Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдері» атты танымдық сабақ

2023 жылдың 22 желтоқсанында 1 «Е» сыныбында «Абайдың табиғат лирикасы» атты танымдық сабақ өткізілді.
Мақсаты: табиғат лирикасына арналған өлеңдерінің бояуын, сырлы сөз нақышын келтіріп мәнерлеп оқу, мағынасын ашу. Табиғаттағы тіршілік иелерін әсемдік, әдемілік сипаттарын танып, табиғатты қорғауға тәрбиелеу болып табылады.
Оқушылар Білімнің бастауы «Әліппеден» үйренгендерін тиянақтады. Ыбырай атамыздың өлеңін жаттап, Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Қыс» «Күз», «Жаз», «Жазғытұрым» өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып берді.
«Жаз» өлеңінде жадырап тұрған жаздың әдемілігі адамдардың көңіл-күйлері, қазақ халқының жайлаудағы өмірінің қызығы, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері қоса айтылып ұлттық құндылықтармызды дәріптеді.
Оқушылар ақынның шебер туындысынан көркем образды, сахналық қойылым ретінде сомдап, ерекше әсер алды.
Табиғат пен жыл мезгілдерін суреттеудегі танымдық сабақ қызықты өтті.
7 просмотров

Добавлено: 26.12.2023 в 14:51