Меню KDT

Жаңалықтар

Сыңғырла, соңғы қоңырау!



🔔Мектебімізде 1 маусым күні оқу жылын аяқтауға арналған "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты салтанатты жиыны өтті.

🔔Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарыГ.М.Токишева және мектебіміздің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Венера Кенесовна ұстаздар мен қонақтарды, ата - аналар мен түлектерді "1 маусым- Балаларды қорғау күні" және оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Оқу жылындағы оқушылардың пән олимпиадалары мен шығармашылық байқаулардың жүлдегерлерін дайындаған ұстаздар қауымына Алғыс білдірді. Бірнеше үздік оқушылар мен осы оқушылардың ата-аналарын білім басқармасының Мадақтамасымен марапаттады.

🔔Мектеп бітіруші түлектер алтын ұя мектебі мен ұстаздарына алғыс айтып, ұстаздарға арнап өлең оқып, ән салып, "Мектеп вальсін" биледі.






57 просмотров

Добавлено: 06.06.2023 в 11:33