Меню KDT

Жаңалықтар

Жаңа талап-жаңашыл ұстаз



2023 жылдың 15-ақпаны күні ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, тарих пәндері мұғалімдерінің арасында "Жаңа талап-жаңашыл ұстаз" тақырыбындағы мектепішілік байқауы болып өтті. Іс-шараға қатысқан мұғалімдер инклюзивті білім берудің озық тәжірибесімен бөлісіп, мақтау қағаздарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
27 просмотров

Добавлено: 16.02.2023 в 10:36