Меню KDT

Жаңалықтар

«IT саласының ертеңі жарқын ба?»



Информатика пәні 10-күндігі аясында «IT саласының ертеңі жарқын ба?» сұхбат кеші ұйымдастырылды. Кештің негізгі мақсаты осы IT ісінің қыр-сырын білетін құрметті қонақтарымызға сұрақ қою арқылы оқушыларға жан-жақты мағлұмат беру.
Кешімізге арнайы Еуразия ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар факультеті «Компьютерлік және программалық инженерия» кафедрасының PHD докторы, доцент Есенгалиева Жанна Сержановна мен болашақ бағдарламасының түлегі, Англияның Warwick University- IT management магистрі, қазіргі таңда, Назарбаев Университетінің 3 курс докторанты, Astana IT университетінің аға лекторы Калпаков Ерболат Нұрбергенұлы қатысып, 11- сынып оқушыларына сұхбат берді. Сұхбат барысында оқушыларымыз өздерінің көкейлерінде жүрген түрлі сауалдарға жауап алды.
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет», - дейді Ш. Уәлиханов. Азаттығымызға отыз жылдан асты, жеткен жетістігіміз де аз емес. Алайда, елім, жұртым дейтін білімқұмар жастарымыз көбейіп, осы салаға, жалпы, білімге деген ынта-ықыласын арттыра алсақ, бүгінгі кешіміз өз мақсатына жетті деп ойлаймыз.
Ұйымдастырушы: информатика пәні бірлестігі

28 просмотров

Добавлено: 15.02.2023 в 16:36