Меню KDT

Жаңалықтар

«АУҒАННЫҢ ОТТЫ ЖЫЛДАРЫ»



Мектебімізде 15-ақпан Кеңес әскерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына 34 жыл толуына орай, Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасына қарасты «Өркен» балалар және дене тәрбиесі орталығы, «JAS - TARLAN» әскери – патриоттық, спорттық орталығы және Астана қаласы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағымен бірлесіп ұйымдастырылған интернационалист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «АУҒАННЫҢ ОТТЫ ЖЫЛДАРЫ» аты кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне Ауған соғысының ардагерлері, Астана қаласының «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағының» төрағасы Тулекпаев Миранбек Уашұлы "Қарулы Күштер ардагерлері" РҚБ мүшесі полковник Артықов Ғани Асылбекұлы, Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының орынбасары майор Жақанова Мағишат Қайратқызы, Астана қаласы әкімдігі, «Өркен» жасөспірімдер және балалар дене тәрбиесі орталығының директоры Тяженов Нұрлан Ескендірұлы, Астана қаласы, «Ұлан - Ұрпақ» Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Рахимбеков Қанат Кекенович, Нұр – Сұлтан «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери патриоттық қозғалысының Республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр–Сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасары Абыкенов Ерасыл Серікұлы және де Астана қаласы мектептері мен колледждерінің әскери жетекшілері, оқушылары қатысты.
Кеш қонақтары өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен еліне оралмай қалған Ауған соғысында көз жұмған Қаһарман жерлестерімізді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Қатерлерге бел буып, батырлық пен батылдықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, Отан алдындағы борышына адал болған Ауған соғысы ардагерлерінің өшпес ерлігі ел есінде мәңгі сақталуда.


27 просмотров

Добавлено: 14.02.2023 в 16:25