Меню KDT

Жаңалықтар

«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ


Астана қаласы Білім басқармасы мен Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясының  ұйымдастыруымен 2016 жылы сәуір айының 28-і мен мамыр айының 18-күні аралығында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай республикалық  «МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ» атты қашықтықтан байқауы өтті.


«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ»
атты республикалық ғылыми жобалар байқауы

 Биыл Қазақ Елінің тәуелсіздігіне 25 жыл толуда. Бұл әрине өз алдына жеке ел болуды мақсат тұтқан біз секілді жас мемлекетке көп уақыт емес. Дегенмен, еліміз осы уақыт ішінде әр салада көптеген жетістіктерге қол жеткізгендігі белгілі. Соның бірі еліміздегі ғылым және білім саласы. Қазақ Елі алдына ұзақ мерзімді даму стратегияларын қойып, сол негізде әлемдік өркениет биігіне шығуды мақсат санап, тәуелсіздік алған уақыттан бастап еліміздің ғылым және білім саласының дамуына алғышарттар жасаған бірден бір ел. Сондықтан да отандық білім саласы инновациялық негізде даму үстінде. 

Астана қаласы Білім басқармасы мен Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясының  ұйымдастыруымен 2016 жылы сәуір айының 28-і мен мамыр айының 18-күні аралығында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай республикалық  «МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ» атты қашықтықтан байқауы өтті.       

Байқауға жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, білім беру ұйымдарының педагогтері мен оқытушылары қатысты.

Ғылыми жобалар байқауының мақсаты мен міндеттері жастарымыздың бойында Мәңгілік Қазақ Еліне деген құрметін күшейту, оқушылардың бойында ұлттық, патриоттық санасын оята отырып, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру. Жастарға Қазақстан Республикасының басты идеясы – «Мәңгілік Ел» қағидасының мақсатын насихаттау, жасөспірімдердің зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыта отырып, оқушылардың инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін дамыту болып табылады.

            Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушылары арасында өткен байқау төмендегі номинациялар бойынша:

  1. «Мәңгілік Ел идеясының қозғаушы күші – жастар»;           
  2. «Мәдени мұра – Мәңгілік Елдің басты құнды мұрасы»;
  3. «Салтым-санам, дәстүрім-дәулетім» немесе жастар тәрбиесіндегі қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерінің маңызы» атты номинациялар бойынша өтті.

              Оқытушылар мен педагогтар арасында өткізілген байқауда төмендегі  номинациялар қамтылды:

  1. «Қазақ Елінің ұлы мұраты – Мәңгілік Ел идеясы»
  2. «Қазіргі білім беру саласындағы «Мәңгілік Ел» құндылықтары»
  3. «Адамдық борышың...» атты номинациялар.

«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ» атты қашықтықтан өткен ғылыми жобалар байқауына Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің физика - математика ғылымдар кандидаты, “Есептеу техникасы” кафедрасының доцент м.а. ЛЕСПЕК ТЛЕББАЕВИЧ КУРБАНАЛИЕВ, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к., академик Жабай Нұрмақұлы ҚАЛИЕВ, қАЗгзу Гуманитарлық заң колледжінің оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі, тарих және қоғамдық ғылымдарының академигі ЕРБОЛ ЕЛЕУСИЗОВ ИБРАГИМҰЛЫ, Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гулнар Ризабекқызы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің PhD докторанты Еркін Рахметуллин Ерланұлы сынды ғалым, доцент, академик ағаларымыз байқауға әділ қазылық етті.  

            Әділқазылардың шешімі бойынша байқау қорытындысының нәтижесі

Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары,

 білім алушылары арасында өткен «Мәңгілік Ел идеясының қозғаушы күші – жастар» номинациясы бойынша 1-орынды  Ахметкалиева Эльмира (Шығыс Қазақстан обл.,Семей қаласы, «№27 жалпы орта білім беретін мектебі») иеленді, 2-орынды Бақытжан Айдана Қанназарқызы (Ақтөбе қаласы, Ақтөбе медициналық колледжі) иеленді, үшінші орынды Балабаев Ерболат Есенұлы (Атырау облысы, Атырау аграрлы-техникалық колледжі) иеленді.

 «Мәдени мұра – Мәңгілік Елдің басты құнды мұрасы» номинациясы бойынша    1-орындарды Ахмет Анель Аманжолқызы (Қарағанды  қаласы, Октябрь ауданы, №82ЖББОМ), Ерехан Олжас  (Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық бекеті, №247 орта мектеп) иеленді, 2-орындарды Жапар Альбина Нұрманқызы (Жамбыл облысы, Құлан ауылшаруашылығы колледжі), Сейдалина Сабина Мараловна (Қостанай облысы Қостанай қаласы,  С. Мәуленов атындағы гимназия) иеленді, Ақсанбай Абылхайыр (Астана қаласы, №26 бастауыш мектеп балабақша кешені) иеленді, 3-орындарды Нариманова Айлана, Жанболатова Аминат (Батыс Қазақстан обл., Орал қ-сы, А.С.Макаренко атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектебі) иеленді.

                «Салтым-санам, дәстүрім-дәулетім» немесе жастар тәрбиесіндегі қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерінің маңызы» номинациясы бойынша 1-орындарды Сұлтанова  Перизат, (Шығыс Қазақстан обл., Аягөз ауданы,  Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп), Леспек Нұрай (Астана қаласы, №61 орта мектеп) жеңіп алды, 2-орындарды Алдаш Аружан Қанатқызы (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы №25 орта мектеп), Ахметжан Салтанат, Өміртас Аяна  (Астана қаласы, №61 орта мектебі) жеңіп алды, 3-орындарды Бөкебай Құралай (Қызылорда  облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы № 25 орта мектеп), Баталова Мақпал (Ақмола обл., Аршалы ауд., Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектеп)  иеленді. 

Оқытушылар мен педагогтар арасында өткен байқаудың «Қазақ Елінің ұлы мұраты – Мәңгілік Ел идеясы» атты номинациясы бойынша            1-орындарды Смайлова Гүлнар (Астана қаласы, №61 орта мектеп), Айтжанова Ләйлә Өмірбекқызы (Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Сабынды орта мектебі) жеңіп алды, 2-орындарды Юсупова Гүлжахан Махмұтжанқызы, Бидан Гаухар, Қойшыбай Амангүл       (Астана қаласы, №26 балабақша бастауыш мектеп) иеленді, 3-орындарды Майгельдинова Гаухар Шайхеламовна (Астана қаласы, №5 орта мектеп), Қойшыбай Бәтима, Сарсенбаева Маржан (Ақмола обл., Аршалы ауд., Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектеп)  иеленді.

 «Қазіргі білім беру саласындағы «Мәңгілік Ел» құндылықтары» номинациясы бойынша 1-орындарды Дуйсенова Ақмарал (Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласы, №10 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназия интернаты), Какимова Гаухар Елемесовна (Астана қаласы, №26 бастауыш мектеп балабақша кешені) иеленді,                  2-орындарды Абдраманов Нұрлан Орынбаевич (Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қарабастау елді мекені №99 мектеп-гимназия), Апсалямова Диляра Рафаильевна (Қарағанды облысы, Егіндібұлақ агротехникалық колледжі) жеңіп алды, 3-орынды Бекенова Жанат Тулемисовна (Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қараменді селосы Жамбыл бастауыш мектебі) иеленді.

 «Адамдық борышың...» номинациясы бойынша 1-орындарды Aмирхaновa Сaрa Бекетовнa (Aтырaу облысы, Құрмaнғaзы aудaны, Еңбекші жaлпы ортa мектебі), Абишева Қаракөз  Байызаққызы (Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш  ауданы, № 10 Қ. Сәтпаев  атындағы мектеп-гимназия  интернаты) иеленді, 2-орынды Жармахан Дариха (Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №110 мектеп-лицейі), жеңіп алды, 3-орынды Акимгалиева Алия (Шығыс Қазақстан обл., Катонқарағай ауданы,  Ақсу орта мектебі) иеленді.

         Сонымен қатар ғылыми жобалар байқауына қатысып, өздерінің ғылыми жобаларымен ерекше көзге түскен қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар берілді.
              «МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ» атты ғылыми жобалар байқауына қатысқан оқытушылар, педагогтер мен жастар, оқушыларға айтарымыз: Қазақ Елінің тұғырының берік, тәуелсіздігінің баянды болуы ол тікелей сіздің қолыңызда демекпіз! Сондықтан да алдағы уақытта да еліміздің білімінің дамуы үшін өз үлесіңізді қоса беріңіз демекпіз.
Құрметті байқауға қатысушылар, педагогтер мен оқытушылар және жастар!
           Қазақ Елінің ғылымы мен білімінің дамуы жолында аянбай еңбек етіп, өз еңбегіңіздің жемісін көруіңізді тілейміз!
            Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын! Еліміздің мәртебесі күннен күнге артып, ғылым мен білімі қарыштай берсін!       

                                                                                                                             

 

 

                                             

 

 


1178 просмотров

Добавлено: 20.05.2016 в 00:00