Меню KDT

Жаңалықтар

Біздің есімізде .... Ерлік ұмытылмайды...!


9-мамыр Жеңіс күніне орай Астана қалалық мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында «Біздің есімізде .... Ерлік ұмытылмайды...!»  - атты поэзиялық шығармаларды жатқа айту байқауы өтті.


«Біздің есімізде .... Ерлік ұмытылмайды...!»

 

Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясының

география пәні мұғалімі Г.Бахалиева

 

6 мамыр күні Астана қаласы Жастар саясаты Басқармасының басшылығымен «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен  9-мамыр Жеңіс күніне орай Астана қалалық мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында «Біздің есімізде .... Ерлік ұмытылмайды...!»  - атты поэзиялық шығармаларды жатқа айту байқауы өтті.

 «Біздің есімізде...Ерлік ұмытылмайды!» атты мерекелік байқауының негізгі мақсаты жастардың отаншылдық бағытта қалыптасуына, келешек буынды ұлтжандылыққа, Отанға  құрметпен қарауға, жан - жақтылыққа тәрбиелеу.

Патриоттық мәнерлеп сөз оқу байқауына Астана қаласы бойынша  мектеп оқушылары мен колледж студенттері және өнерлі жастар қатысты.

Байқаудың жоғары деңгейде өтуіне ерекше атсалысқан Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясының талапты да дарынды оқушылары мен педагогтары болды. Атап айтар болсақ, іс-шараның концерттік бөлімінде «Риназ» би тобы мен «Көркем» би топтары өз өнерлерін көрсетіп, би-биледі, топтардың жетекшісі Базарбаева Зарина Қанатқызы, 5 «А» сынып оқушысы Құрманғазұлы Аян, 8 «А» сынып оқушылары Замула Екатерина, Дюсенова Айшалар патриоттық әндер айтып, байқауға қатысушылардың ұлттық сезімін көтеріп тастады.

Сол секілді 11 «А» сынып оқушылары Сәбитұлы Айбар мен Тоқтабай Айгерім мерекелік шараны жүргізсе, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлнар Ризабекқызы мен география пәні мұғалімі Бахалиева Гүлшара байқауда әділ қазы мүшелері болды.

№65 мектеп-гимназиясы атынан байқауға 9 «Ә» сынып оқушысы Джуаныспай Әлішер қатысты.

Астана қаласы әкімдігінің  Жастар саясаты Басқармасының басшылығы атынан байқауға ерекше атсалысқан, жоғарыда аттары аталған №65 мектеп-гимназиясының оқушылары мен пегагогтері Алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.


559 просмотров

Добавлено: 10.05.2016 в 00:00