Меню KDT

Жаңалықтар

ЭКСПО-2017 макеттері


Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында 2016 жылдың 4- наурызында «Ғылыми зерттеу негіздері» атты тақырыптағы  жоспар бойынша Муканова Гульсана Сарсенбекованың ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017 макеттері» атты сыныптар арасында көрме байқау түрінде  өтілді.


Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында 2016 жылдың 4- наурызында «Ғылыми зерттеу негіздері» атты тақырыптағы  жоспар бойынша Муканова Гульсана Сарсенбекованың ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017 макеттері» атты сыныптар арасында көрме байқау түрінде  өтілді. Байқауға әрбір сынып түрлі-түрлі макеттер ұсынып, көрмеге қойылды. Тағы бір мәрте байқауда оқушылардың ойларының ұшқырлығы, қиялға берілген ойлары айқындала түсті. Әр макетте оқушылардың еңбектері орасан зор екені көрініп тұрды. Атап айтсақ; 4 «Ж» сынып оқушыларының «ЭКСПО-2017» сауықтыру орталығы, демалыс орталығы,  «Инновациялық-ақпараттық телестанция»,  3 «Р» сынып оқушыларының «Обсерватория» атты қиялдан туындаған еңбектері,  3 «Н» сынып оқушыларының «ЭКСПО-2017» «Балалық шақ» қалашығы»,  3 «И» сынып оқушыларының- «Био энергиямен қуатталған ракета»,  3 «З» сынып оқушыларының макеті -жаңа заманға сай құрылғылары бар «ЭКСПО-2017» тұрғын үй кешені, 3 «Ж» сынып оқушыларының макеті- жаңа заманға сай «ЭКСПО-2017» қалашығы, 3 «Л» сыныпоқушыларының макеті - «ЭКСПО-2017» бизнес орталығы. Макеттер көздің жауын алып қана қоймай, көрмені тамашалаған ұстаздарды, оқушыларды, ата-аналарды, мектеп қонақтарын таңқалдырды.


618 просмотров

Добавлено: 07.03.2016 в 09:00