Меню KDT

Жаңалықтар

Алғыс айту күні


Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясыныда 1-наурыз алғы  айту күніне орай өткізілген шаралар туралы


Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясыныда 1-наурыз алғы  айту күніне орай өткізілген шаралар туралы есебі:

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілгені айтылады: Алғыс айту күні — 1 наурыз, 2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алған еді. «Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді», — деді Президент.
 «Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді», — деді елбасымыз.
Осыған орай мектебімізде жоспар құрылып, бекітіліп, мектеп ұжымымен таныстырылды.
Сонымен қатар мектебімізде «Алғыс айту күніне» орай сыныптар акт залында үлкен көлемде ассамблея өткізді. Тарих пәні мұғалімімен бірлесе 9-11 сыныптар аралығында «Ата-бабамызға мың алғыс» атты жоғарғы дөңгелек үстел өткізілді. «Анаға алғысымыз шексіз» атты суреттер көрмесі өтілді. «Ата бабамыздың даналығы» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

634 просмотров

Добавлено: 02.03.2016 в 09:00