Меню KDT

Жаңалықтар

«Тазша бала» байқауы өтті


Қазақ халқының халық ауыз әдебиетін кеңінен насихаттау, ұлттық салт-дәстүрлерімізді жастар бойына сіңіру, ұлттық, шешендік өнерімізге жастарды тәрбиелеу мақсатында 2-наурыз күні Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында мектептің педагог-ұйымдастырушысы Бахалиева Гүлшараның ұйымдастыруымен 4-сынып оқушылары арасында «Тазша бала» байқауы өткізілді.


Қазақ халқының халық ауыз әдебиетін кеңінен насихаттау, ұлттық салт-дәстүрлерімізді жастар бойына сіңіру, ұлттық, шешендік өнерімізге жастарды тәрбиелеу мақсатында 2-наурыз күні Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында мектептің педагог-ұйымдастырушысы Бахалиева Гүлшараның ұйымдастыруымен 4-сынып оқушылары арасында «Тазша бала» байқауы өткізілді. Оған мектептің 4 «а», 4 «ә», 4 «д» сынып оқушылары қатысты. Байқау шарты бойынша оқушылар үш кезең бойынша сынға түсті. 1-ші: «Көп сиырдан туады жирен айғыр!» кезеңінде оқушылар өздерін өтірік өлең арқылы таныстырды. 2-ші: «Жасадым жұмыртқадан алтын табақ» кезеңінде сайыскерлер өз өнерлерін көрсетсе, 3-ші: «Мініп алып құртқа, өрмеледім бұлтқа» кезеңінде қатысушылар тазша баланың рөлін сомдап, өз өнерлерін көрсетіп, сынға түсті. 
Мектептің бастауыш сынып мұғалімі Несібелі Рахымбердіқызы басшылық еткен әділ-қазы мүшелері – Бекеева Гүлжазира, Мақсат Айтжанұлының ұйғарымы бойынша 4 «ә» сыныптан Көбейсін Өрлен І-орынды иеленсе, 4 «ә» сынып оқушысы  Жолбарыс Ардақ ІІ-орынды жеңіп алды, сондай-ақ 4 «д» сынып оқушысы Қуатбек Бақдаулет пен 4 «а» сынып оқушысы Жаңбырбай Рамазан ІІІ-ші орынға лайық деп танылды.  
Тазша өзінің ақылдылығы, шешендігінің арқасында талай қиын, ауыр жағдайдан аман құтылып, сан мың түрлі сынақтардан сүрінбей өтіп, халық мүддесін қорғап «шынжыр балақ шұбар төс» үстем тап өкілдерімен айқасқа түсіп,  жағымсыз кейіпкерлерді халық алдында күлкі етіп,  әділетсіздік, күншілдік, сараңдық сияқты мінездерді аяусыз әжуалаған халық ауыз әдебиетіндегі жағымды кейіпкер.
Міне, біздің «Тазша бала» байқауының сайыскерлері де өткен тарихтағы халық жадында сақталған осындай нағыз тазша бола білді. 
 
 
Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясының
 ІІ-санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні
 мұғалімі Сатылганова Мариям Барболқызы

626 просмотров

Добавлено: 02.03.2016 в 18:00