Меню KDT

Жаңалықтар

«Тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан!»


Астана  қаласы № 65 мектеп – гимназиясында  «инклюзивті білім» алушы даму мүмкіндігі шектеулі оқушылармен  бірге Тәуелсіздік күніне орай  «Думан» ойын сауық орталығында мерекелік сергіту іс – шарасы өтті.


Астана  қаласы № 65 мектеп – гимназиясында  «инклюзивті білім» алушы даму мүмкіндігі шектеулі оқушылармен  бірге Тәуелсіздік күніне орай  «Думан» ойын сауық орталығында мерекелік сергіту іс – шарасы өтті.
      Біздің  мектепте, 2015 – 2016  оқу жылында инклюзивті  сыныптарында денсаулығы  сау балалармен мүмкіндігі шектеулі  80 оқушы бірлесіп оқиды. Осы  балалар  үлкен ықыласпен мектепте оқып жүр,  денсаулығы  сау құрдастарымен бірге тең білім алып және толық қанды өмір  сүруге тырысып жүр, олардың көпшілігі  дарынды:  жақсы сурет салады , өлең айтып, би билеп және спортпен шұғылданады. Олар өз сыныптастары сияқты ақ көңілді  ашық – жарқын балалар.
       Міне осындай ерекше балаларға қуаныш пен қызықты мерекелік күн сыйлаған «Думан» ойын сауық орталығындағы  ЖШС «Expolife» - тың бірінші орынбасары  жомарт жан Дарибаев Эльдар Асфандиярұлы.
   Біздің оқушыларымыз «Океанариум» мен «Джунгли» көңіл көтеру кешенінде  мерекелік көңілмен, бақытты балалық күлкі мен қуанышты сезіммен, ата – бабаларымыздың ұрпаққа  аманат етіп, ғасырлар бойы аңсаған  «Тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан» мерекесін ешбір уайым – қайғысыз тойлап келдік.
    Біздің балаларымыздың бақытты қуанышты кезеңінен үзінді фото айдарлар.


426 просмотров

Добавлено: 22.12.2015 в 12:00