Меню KDT

Жаңалықтар

Елтаңба елдігім, көк туым-теңдігім, әнұран-айбыным


Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында «Елтаңба елдігім, көк туым-теңдігім, әнұран-айбыным» атты 5-сынып оқушылары арасында «ХХІ-ғасыр көшбасшысы»  сайысы өтті.


Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында

«Елтаңба елдігім, көк туым-теңдігім, әнұран-айбыным» атты 5-сынып оқушылары арасында «ХХІ-ғасыр көшбасшысы»  сайысы өтті.

Аға тәлімгер Набиев Саят және «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі Төкеш Айдана бірігіп «Елтаңба елдігім, көк туым-теңдігім, әнұран-айбыным» атты  тарихи-патриоттық сайыс өткізді.

Сайыстың мақсаты: мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, мемлекеттік рәміздердің тарихына көз жүгірту, оқушыларға қазақ елінің басты құндылықтарын бағалай білуді насихаттау.

Бұл шара  мемлекеттік әнұранның шырқалуымен басталды. Сайыс «таңдау», «жорға», «бәйге», «мәре» турлары бойынша  тартысты да қызықты өтті. Сайыс соңында  әділқазы алқалары «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері Өтеген Айдана, Сабитов Айбар төрт турды қорытындылап  5  «Б» сынып оқушысы: Ерікұлы Рақымбекті жеңімпаздеп тапты.


846 просмотров

Добавлено: 15.02.2015 в 17:00