25 қазан – Республика күні

Республика күні - бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші құқықтық құжаты - Республиканың егемендігі туралы декларацияны қабылдап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізін жариялады. Осы орайда 22-қазан күні М.Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында, “Республика күні” қарсаңындағы мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараны бастамас бұрын, мектеп директоры Елекеева Н.Ж. сөз кезегі берілді. Мектеп басшысы, ұстаздар мен оқушыларды келіп жеткен айтулы мерекесімен шын жүректен құттықтады. Мерекелік іс-шара барысында “Бір тұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Мектеп президентін ұлықтау” рәсімі орындалып, мектептің өзін-өзі басқару ұйымының парламент мүшелері қабылдана отырып, мектеп президенті Рахымберді Нұрислам Нұрбекұлы ант қабылдады. Осы атаулы күні Отанымыз - Қазақстан Республикасына өркендеу мен амандық тілейміз, халықтың бірлігі, татулығы мен келісімі біздің мемлекеттілігіміздің мәңгілік берік тірегі болсын!
10 просмотров
Добавлено: 25.10.2024 в 08:00