Меню KDT

Әлеуметтік педагог


Құрметті ата- аналар!
2023 жылғы 8- тамыздан бастап Жалпыға міндетті оқу қоры бағдарламасы аясында белгілі бір санаттағы оқушыларға мектеп киімін , аяқ киімін және керек жарақтарын сатып алуға материалдық көмек көрсетіледі.
Жалпыға міндетті оқу аясындағы көмек мына санаттағы оқушыларға көрсетіледі:
✅Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек(АӘК) яғни АСП алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
✅ Жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз, сол сияқты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға (күнкөріс минимумы - 36 000);
✅ Жетім балаларға және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған отбасыларда тұратын балаларға;
✅Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
✅ Білім беру ұйымының алқалы органы белгілейтін білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жатады ( біздің мектепте оқитын мүгедектігі бар оқушы) .
127 - кабинет.
Құжаттарды қабылдау уақыты: дүйсенбі- жұма күндері сағат 10:00-12:00,14:00,17:00 аралығы

«АӘК алушыларға» дайындалатын құжаттар тізбесі(АСП).
1.Форма бойынша өтініш.
2.Неке қию туралы куәлік, егер отбасы толық емес болса, ажырасу туралы куәлік, болмаса қайтыс болуы туралы куәлік, әке болуды анықтау туралы куәлік, немесе Форма-4 анықтамасы.
3.Барлық балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі ЖСН нөмерлерімен.
4.Ана мен әкенің жеке куәлігінің көшірмесі.
5.Мүгедек балалардың анықтамасы (бар болса).
6.АӘК (АСП) анықтамасы
7. Ата-анасының немесе қамқоршысының 20 таңбалы шот нөмері (арнайы счет немесе бұғатталмаған счет)

«Аз қамтылған отбасыға» дайындалатын құжаттар тізімі.
1.Форма бойынша өтініш.
2.Ата-анасының жұмыс орынан жұмыс жасайтыны және жалақы анықтамасы туралы анықтама (Ажырасқан жағдайда алимент алатына немесе алмаған жағдайда сот орындаушылардан алимент алмайды деген справка алып келу).
3.Неке қию туралы куәлік, егер отбасы толық емес болса, ажырасу туралы куәлік, болмаса қайтыс болуы туралы куәлік, әке болуды анықтау туралы куәлік, немесе Форма-4 анықтамасы.
4.Көпбалалы ана кітапшасының көшірмесі.
5.Барлық балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі ЖСН нөмерлерімен.
6.Ана мен әкенің жеке куәлігінің көшірмесі.
7.Мүгедек балалардың анықтамасы (бар болса).
8.ХҚКО-нан ата-ананың соңғы жылдың айналым тізімдемесі (әр ата-ананың зейнетақы аударымдары).
9. АӘК тағайындалмау туралы анықтама.
10. Ата-анасының немесе қамқоршысының 20 таңбалы шот нөмері (арнайы счет немесе бұғатталмаған счет).

«Жалпыға міндетті оқу қоры» бағдарламасы бойынша көмек алу үшін, сізге атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ЕГОВ бағдарламасы арқылы құжаттарды тапсыру қажет, ол 2-санатты анықтау үшін(ең төменгі күнкөріс деңгейінен асатын табыс) құжаттарды онлайн тапсыру керек, ол табыспен есептелетіндіктен қолымыздан келмейді!


жол


"Мектепке жол" акциясы

2023 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы (бұдан әрі – Акция) балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы  19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі.
Акцияның ұраны: Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы - 2022 жылдың 30 қыркүйегінде.

Барлық сұрақтар бойынша: Әлеуметтік педагог Махсат Айтжанұлы 87475137201