Меню
Жаңалықтар
«Отбасы апталығы» аясында — «Ғасырлар сабақтастығы»
М. Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында «Отбасы апталығы» аясында «Ғасырлар сабақтастығы» тақырыбында тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларымыз ардагер ұстаздарымызбен бірге халқымыздың ежелден келе жатқан бауырсақ пісіру дәстүрі бойынша шеберлік сағатына қатысты. Үлкен ұстаздарымыз өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ұлттық тағамның жасалу жолын көрсетіп, халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарының маңызын түсіндірді. Бұл шеберлік сағаты — ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын, үлкеннің өнегесін кішіге жеткізетін, ұлттық дәстүрді дәріптейтін ерекше кездесу болды.
Дәстүр — ұрпаққа аманат.
Ал аманатты сақтау — әр ұрпақтың парызы! ВИДЕО
11 просмотров
Добавлено: 12.09.2026 в 13:01