Меню KDT

Жаңалықтар

Қауіпсіз жол – бала өмірінің кепілі.



Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және азаматтық жауапкершілігін нығайту мақсатында Астана қаласы Полиция департаменті ӘПБ ПБ Сарыарқа ауданы УПИ ЮПБ ООБ СРУП қызметкерлері – полиция майоры Каратаев Е.С. және полиция майоры Молдабекова З.Е. қатысуымен тағылымды кездесу өтті. Кездесу барысында бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережелері, бағдаршам белгілерін сақтау, жаяу жүргіншілер жолағын дұрыс пайдалану және көшеде қауіпсіз жүріп-тұру тәртібі түсіндірілді. Ал жоғарғы сынып оқушыларына құқықтық тәртіптің қоғамдағы маңызы, заң талаптарын сақтау, құқық пен міндеттер және азаматтық жауапкершілік туралы маңызды ақпараттар берілді. Оқушылар полиция қызметкерлеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Құқықтық сауатты әрі жауапты ұрпақ – қауіпсіз қоғамның кепілі! ВИДЕО

15 просмотров

Добавлено: 09.09.2026 в 19:17