Меню KDT

Жаңалықтар

БІЛІМ КҮНІ – ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСТАЛУЫ



1 қыркүйек – Білім күніне орай М.Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Білім күні – оқушылар үшін жаңа оқу белестеріне қадам басып, білім мен тәрбие жолындағы мақсаттарын айқындайтын маңызды күн. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушылары үшін бұл күннің орны ерекше. Салтанатты жиында оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тілектер айтылып, білім алудың маңыздылығы мен ұстаз еңбегінің мәні атап өтілді. Жаңа оқу жылы барша ұстаздар мен оқушыларға толағай табыс, шығармашылық ізденіс және жоғары жетістіктер әкелсін! ВИДЕО

9 просмотров

Добавлено: 01.09.2026 в 17:16