Мәзір
Жаңалықтар
Бүгін мектебімізде ерекше сенбілік өтті 🌿
Бүгін мектебімізде ерекше сенбілік өтті 🌿
Бұл игі шараға әкелер, оқушылар және ұстаздар белсенді қатысып, мектеп ауласын тазалап, бірлесе еңбек етті. Бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсеткен бұл күн бәрімізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
«Әке – үлгі, өнеге» дегендей, әкелердің еңбегі мен жауапкершілігі балаларға үлкен тәрбие болды. Әрбір іс-әрекеті арқылы олар ұрпаққа еңбекқорлықтың, тазалықтың және ұйымшылдықтың маңызын көрсетті.
Осындай шаралар арқылы біз тек қоршаған ортаны ғана емес, өзара сыйластық пен жауапкершілікті де нығайтамыз. Барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! 🙌
8 просмотров
Добавлено: 18.04.2026 в 12:11