Меню KDT

Жаңалықтар

1 наурыз – Алғыс айту күні ✨



Мектебіміздің әкімшілігі баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтайды! 💐

Алғыс айту күні – қоғамдағы сыйластық пен құрметті, мейірім мен татулықты дәріптейтін ерекше мереке. Бұл күн – айналамыздағы жандарға ризашылығымызды білдіріп, жүрекжарды алғысымызды жеткізетін маңызды сәт.

Білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарымызға, қолдау көрсетіп отырған ата-аналарымызға және мектеп өміріне белсенді қатысып жүрген оқушыларымызға шынайы алғысымызды білдіреміз!

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ынтымағымыз артып, бірлігіміз нығая берсін! 💖
13 просмотров

Добавлено: 01.03.2026 в 10:30