Жаңалықтар
🌟 Тұлғамен кездесу 🌟
Бүгін мектебімізде көркемсөз оқу шебері, аудармашы, «Дарын» жастар сыйлығының иегері — Бекзат Болатжанұлы Смағұловпен әсерлі кездесу өтті!
📚 Бекзат Болатжанұлы – Абай, Шәкәрім, Мұқағали, Ілияс Жансүгіров, Мәшһүр Жүсіп, Оралхан Бөкей шығармаларын жүрекпен оқып, халыққа жеткізіп жүрген шебер орындаушы.
🏅 Ол – Б.Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалінің және «Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы» төсбелгісінің иегері.
✨ Кездесу барысында оқушылар ақынмен еркін әңгімелесіп, рухани шабыт алды. Әдебиет пен өнерге деген сүйіспеншілік жаңа серпінмен жалғасты!
📸 Бұл кездесу – ұлт руханиятының, көркем сөздің, шабыттың мерекесі болды!
12 просмотров
Добавлено: 17.10.2025 в 13:18