Жаңалықтар
АБАЙ МҰРАСЫ - АДАМЗАТ ИГІЛІГІ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндер апталығы аясында мектебімізде тағылымы терең, руханиятқа толы ерекше кездесу өтті.
Бүгінгі қонағымыз – кітап оқу мәдениетін дәріптеп жүрген, жастарға шабыт сыйлап, әдебиетке деген сүйіспеншілікті оятып жүрген блогер, оқырман жүрегіне жол таба білген рухани жанашыр Айнұр Бұлақбай. 📚💫
Кездесу барысында оқушылар хакім Абайдың мол мұрасымен қайта қауышып, оның адамзатқа ортақ асыл ойлары мен биік парасаты туралы терең толғанысқа түсті. Ұлы ойшылдың қара сөздері, өлеңдері және өмірлік ұстанымдары бүгінгі күнмен сабақтаса отырып, оқушылар санасында жаңа серпін, тың ой тудырды.
Сонымен қатар, Айнұр ханым кітап оқудың өміріміздегі орны, тұлғалық дамудағы маңызы және рухани өсу жолындағы рөлі жайлы жүрекке жететін әңгімелерімен бөлісті. 💬🌿
📸 Жылы жүздесу, жан дүниені байытқан әсерлі әңгіме үшін Айнұр Бұлақбайға зор алғыс білдіреміз!
Мұндай рухани шаралар — өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылық пен әдебиетке деген сүйіспеншілікті дарытатын маңызды баспалдақтар.
13 просмотров
Добавлено: 14.10.2025 в 13:03