Жаңалықтар
🎓 Бүгін Астана қ. М. Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында 10-11 сынып оқушыларына арналған «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында маңызды кездесу өтті.
Іс-шараға әр саладағы білікті мамандар келіп, құқықтық сауаттылықты арттыру, жастар арасындағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу, психологиялық тұрақтылықты сақтау жайлы өз ойларымен бөлісті.
🧑⚖️ Іс-шараға қатысқан қонақтар: 🔹 Астана қ. Білім басқармасы, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы – Хасенова Гульсим Төкеновна 🔹 Сарыарқа ауданы әкімінің әлеуметтік сала бөлімінің басшысы – Адешова Аяулым Қанатқызы 🔹 Астана қаласының ММА спорт түрі бойынша аға жаттықтырушысы, спорт шебері – Карабалин Нурлан Шаяхметұлы 🔹 Астана қаласы Психологиялық қолдау орталығының әдіскері – Каушева Айгуль Каиргелдиновна 🔹 Сарыарқа АПБ ЖПҚБ ЮПБ учаскелік полиция инспекторы – Иманова Айсұлу Айтбайқызы 🔹 Қараусыз қалған иттер мен мысықтарды аулау бөлімінің басшысы – Акимжанов Темирлан Маратович 👥 Жалпы саны 300-ге жуық оқушы қамтылған бұл кездесуде құқықтық тәрбие мен әлеуметтік жауапкершілік жайлы кеңінен сөз қозғалды. Спикерлер оқушылармен ашық диалог құрып, нақты мысалдар арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
9 просмотров
Добавлено: 18.09.2025 в 12:36