Меню KDT

Жаңалықтар

📍«Тек қыздар арасында» клубының алғашқы кездесуі өтті! 🌸✨


Өткен аптада мектебімізде ерекше, әрі тәрбиелік маңызы зор жоба — «Тек қыздар арасында» атты қыздарға арналған клуб өз жұмысын бастады. Бұл бастаманың негізгі мақсаты — жоғары сыныптағы қыздармен ашық сұхбат құру, олардың өмірлік жолына бағыт-бағдар беру, ішкі жан дүниесін түсініп, тұлғалық дамуына қолдау көрсету.


Игі бастамаға мектеп психологы Балгожина Айтбала Рустемовна ұйытқы болды. Клуб аясында әр кездесуге түрлі саладағы кәсіби мамандар, өмірлік тәжірибесі мол тұлғалар шақырылып, қыздармен еркін форматта сұхбаттасады. Спикерлер өздерінің өмір жолын, жетістіктерін, қиындықтарын бөлісе отырып, жас қыздарға шабыт береді, мотивация сыйлайды. Ал қатысушылар көкейіндегі кез келген сұрақты қойып, ашық пікір алмасуға мүмкіндік алады. 🎤 Алғашқы кездесудің қонағы — мектебіміздің директоры Елекеева Нұргүл Жақсыбекқызы болды. Нұргүл Жақсыбекқызы өзінің өмір жолындағы асуларын, кәсіби дамуын, тұлғалық қалыптасу кезеңдерін әсерлі түрде баяндап берді. Әр сөзі — тәлім, әр пікірі — терең ойға толы болған кездесу қыздарға үлкен әсер қалдырды. Сонымен қатар, Нұргүл Жақсыбекқызы бұл жобаның маңыздылығын ерекше атап өтіп, клуб жұмысына үлкен қолдау білдіретінін жеткізді. Ол әр кездесуге өзі де қатысып, қыздардың жан-жақты дамуына жанашыр болатынын айтты. 💬 Қыздар тарапынан қойылған сұрақтар да сан алуан болды: болашақ мамандық таңдаудан бастап, өзін-өзі бағалау, ішкі сенімділік, көшбасшылық, сұлулық стандарттары сынды маңызды тақырыптар кеңінен қозғалды. 🔜 Алда бұл клуб аясында тағы да көптеген қызықты кездесулер, танымды әрі пайдалы сұхбаттар жоспарлануда. Қыздардың өз-өзіне деген сенімін нығайтып, жарқын болашағына бағыт беретін бұл жоба — біздің ортақ жетістігіміз!
6 просмотров

Добавлено: 14.09.2025 в 12:31