Меню KDT

Жаңалықтар

Астана қаласы «Мағжан Жұмабаев атындағы №65 МГ» «Балақайлар мектебі» 2025 жылдың 1 тамызында өз жұмысын бастайды ! «Балақайлар мектебі» 2025 жылдың 1 тамызында өз жұмысын бастайды !



Біздің гимназиямызда «Балақайлар мектебіне» тамыз айына қабылдау басталғанын қуана хабарлаймыз. Балаңыз 5 пен 6 жас аралығында болса, және де Сіз оған өмірдің ең үздік бастамасын жасағыңыз келсе, бізге қош келдіңіз!
Сіз үшін біз не ұсынамыз!
«Балақай мектебі» бағдарламасының жұмысы туралы мәлімет:
 Бағдарламаны іске асыру ұзақтығы жазғы кезеңде 1 айды (20 күн) құрайды.

 Мерзімі:
1) 01.08.2025ж. - "Балақайлар мектебінің" ашылу салтанаты өтеді, басталуы: 09:00

2) 04.08 - 28.08.2025 ж. аралығында жұмыс жасайды.

 Топтың құрамы 25 балаға дейін.
Жұмыс тәртібі:
 Аптасына 5 күн
 Күніне 4 сабақ
 Сабақ уақыты 20 минут
 Қоңырау үзілісі 5-10 минут

Жұмыстың негізгі бағыттары:
 Коммуникативтік дағдыларды дамыту
 Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
 Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту
 Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру 
Мекенжай: Б.Соқпақбаев 18/4
Өтініш қабылдау: 100 А кабинеті



БАЛАЛАР МЕКТЕПТЕ ҰЙЫҚТАМАЙДЫ. САБАҚ ТЕГІН.
72 просмотров

Добавлено: 31.07.2025 в 08:00