Меню KDT

Жаңалықтар

«Балақай мектебі» 2025 жылдың 27 маусым жабылу салтанаты


Ата-аналардың қатысуымен жабылу салтанаты ұйымдастырылды


«Балақай мектебі» қазақ және орыс топтары
2025 жылдың 27 маусым жабылу салтанаты: Ата-аналардың қатысуымен жабылу салтанаты ұйымдастырылды. Мектебіміздің жанынан ашылған «Балақайлар мектебі» даярлық тобы «Балаларды ерте дамыту институты» бағдарламасымен жұмыс жасады. Оқушылардың 1 ай бойы алған білімдерін ортаға салып, түрлі ойындар ұйымдастырылды. Ата-аналардың қатысумен логикалық қызықты түрлі тапсырмалар орындатты. Оқушылар да ойынға белсене қатысып, ата-аналардың мұғалімдерге көңілі толғанын бөлісті. Жалпы балалардың мектеп өміріне қалыптасуы жоғарғы деңгейде болғаны байқалды. Келесі маусым 4 тамыз бен 29 тамыз аралығында ұйымдастыратыны әкімшілік тарапынан хабарланды.
23 маусым мен 27 маусым аралығында өткізілген сабақтар мен жасалған жұмыстар мәліметі:
Математика негіздері.
 Логикалық ойлау, салыстыру қабілеттері қалыптасады;
 Үйде, қоғамдық орындарда, табиғатта қауіпсіздік ережелерімен танысты;
 Жыл мезгілдерін (көктем, жаз, күз, қыс) және ай аттарын үйренді;
 Тәулік бөліктерінің ауысуын(«кеше», «бүгін», «ертең») анықтауға үйренді;
Сөйлеуді дамыту:
 Сөздік қорын байытуға, ойды жүйелі жеткізуге жаттықты;
 Бақылаған заттар мен құбылыстарды сипаттап айтуға үйренді;
 Қарапайым хабарлау әңгімесін құрастыру дағдысы қалыптасты;
Сауат ашу негіздері.
 Қолды жазуға дайындау жұмыстары жүргізілді;
 Ұсақ моториканы жетілдіру жатығулары үздіксіз жасалды;
 Дайын суреттердің шетінен шықпай бояуға дағдыланды;
 Диалогке еркін араласу, сұрақ-жауаппен сөйлесуге қалыптасы;
 Өз ойын қысқаша, жүйелі жеткізуге қалыптастыру жұмыстары жүргізілді.
Көркем әдебиет.
 Көркем шығарманы рөлдерге бөліп, сахналай білуді дамыту жұмыстары жүргізілді;
 Кейіпкерлердің сөзін, мінезін, әрекетін түсіне білуге үйренді;
 Коммуникативтік қабілетін, сөздік қорын, қимыл-әрекетін жетілдіру тапсырмаларын орындады;
 Балалардың сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыды;
 Санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, айтыс арқылы шешендікке баулу арқылы ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жұмыстары жүргізілді;
 Тыныс алу және дауыс жаттығулары үздіксіз жасалды.
Жапсыру (Мүсіндеу.Сурет салу.)
 Топпен және жұппен ынтымақтастықта жұмыс істеуді үйренді;
 Пропорцияны сақтау дағдысын дамытатын жаттығулар жасалды;
 Мүсіндеудің негізгі тәсілдерін қалыптастырды, оның ішінде: жануар немесе ойыншық мүсінін, жеміс-жидектерді және көлік түрлерін мүсіндеуді үйренді;
 Қарапайым өрнек немесе фигураны көріп, жанына дәл сондай етіп сызуды және табиғатты бейнелеуді үйренді;
 Қауіпсіздік техникасын сақтауды үйренді;
Қоршаған орта:
 Балаларға көмектесетін күнделікті заттарды (шелек, сыпырғы, шүберек, күрек, орамал, т.б.) танысып, қалай қолдануды үйренді;
 Туыстық байланыстар туралы түсініктерді жетілдірді. Туыстық атаулармен танысты (ата, әже,әке,ана,апа,іні, қарындас т.б.).
 «Сыйластық,Татулық,Тату отбасы ,Қамқорлық,Мейірімділк, Махаббат» жайлы түсініктерді қалыптастырды.
 Республикадағы қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы мәлімет алды.
 Қазақстан картасымен жұмыс жасауды үйренді;
 Оқушылардың танымдық және коммуникативтік дағдылары дамыды.

        
         

  






12 просмотров

Добавлено: 27.06.2025 в 12:47