Меню KDT

Жаңалықтар

2024 жылдың 13 наурыз күні 1 «Б» сыныбында «Абай шығармалары.....» атты ашық сабақ өтті. Мақсаты: Ұлы ақынның шығармалары арқылы туған еліне деген сүйіспеншілігі, ұлттық құндықтарымызға деген қызығушылығын ояту.



2024 жылдың 13 наурыз күні 1 «Б» сыныбында «Абай шығармалары.....» атты ашық сабақ өтті.
Мақсаты: Ұлы ақынның шығармалары арқылы туған еліне деген сүйіспеншілігі, ұлттық құндықтарымызға деген қызығушылығын ояту.
Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа баулу болып табылды.
Оқу жылы басында мектебіміздің табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндеріміз Ұлы Абай атамыздың дана, ойшыл, сазгер туралы қызықты тақырыптарды жұппен, топпен ұйымдасқан түрде тамаша айтып берді. Танымдық сабақ қызықты сергіту сәтімен жалғасып, ұлттық құндылықтарға бағытталған тапсырмалар орындап, алған білімдерін «Кластер» әдісі арқылы жинақтады.
Қорытынды бөлімінде «Мақал-мәтелдің жалғасын тап» ойынымен тиянақталды.
«...Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан!...» - деген ақынның өлең жолдары жас ұрпақты білімді болуға, еңбек етуге шақырады.
Аталған танымдық сабақты бастауыш сынып ұстазы Дүйсенбек Айда Бакытжановна өткізді.
57 просмотров

Добавлено: 14.03.2024 в 13:59