Меню KDT

Жаңалықтар

Астана қаласы әкімдігінің «Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес төмендегі бос және уақытша бос орындарға 11-18 наурыз аралығында конкурс жариялайды.



Астана қаласы әкімдігінің «Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес төмендегі бос және уақытша бос орындарға 11-18 наурыз аралығында конкурс жариялайды. 

Мекенжайы: Астана қаласы Б.Соқпақбаев көшесі 14/1 , байланыс телефоны 87014008241. Эл.почта sholpan6307@mail.ru.
Біліктілік талаптары:
1. Өз пәні бойынша білімі.
2. Педагогикалық білім.
3. Әртүрлі сертификаттардың болуы, өз қызметінің сипатына сәйкес кәсіби жарыстарға қатысуы, семинарларға, конкурстарға және байқауларға қатысуға дайындығы.
4. Еңбексүйгіштік, жауапкершілік, көпшілдік.
5. Жұмыс түрі – толық.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға келесі құжаттарды электронды түрде немесе қағаз түрінде тапсыру қажет:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
41 просмотров

Добавлено: 12.03.2024 в 13:55