Меню KDT

Жаңалықтар

2024 жылғы 2 наурызда Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында 9 сыныптардың ата-аналарына «Ағылшын тілі сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту» атты коучингі өткізілді.



2024 жылғы 2 наурызда Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында 9 сыныптардың ата-аналарына «Ағылшын тілі сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту» атты коучингі өткізілді. Ағылшын тілі мұғалімдері Байбусинова Г.И., Исабекова А.Ж., Сах А.С. «Travelling» - «Саяхаттану» - «Путешествие» тақырыбына станцияларға арналған ойын дайындады. Коучинг мақсаттары: қатысушылардың ағылшын тілін өмірде қолданудағы функционалдық дағдыларын дамыту; әдеттен тыс ортада өздігінен және саналы түрде әрекет етуді үйрету. Ойынға қатысушылар Мысырдың әуежайында, Түркияның теміржолында, Нью-Йорктегі қонақүйде, Париждегі мейрамханада болып, әлемнің түкпір-түкпірінде көңіл көтерді. Барлық 5 станцияда олар ағылшын тілінде тапсырмаларды орындауы керек болды, олар өздерін оқушылар сияқты сезініп өте жақсы орындауға тырмысты. Ата-аналар өз кері-байланыс кезенінде мектеп ұжымына және А.А.Исқакова басқаратын ағылшын тілі мұғалімдер ұжымына алғыстарын білдірді. Барлық ата-аналар жақсы көңіл-күймен және тәтті сыйлықтармен коучингті аяқтады.
46 просмотров

Добавлено: 04.03.2024 в 13:51