Меню KDT

Жаңалықтар

26.01 күні Өзін-өзі басқару ұйымы Мектеп Парламентінің ұйымдастыруымен «Тапқыр болсаң-талап көп» атты интеллектуалдық танымдық сайыс 5 сыныптар арасында өтті.



26.01 күні Өзін-өзі басқару ұйымы Мектеп Парламентінің ұйымдастыруымен «Тапқыр болсаң-талап көп» атты интеллектуалдық танымдық сайыс 5 сыныптар арасында өтті.
Сайыстың мақсаты: Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой - өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды елін, жерін, оның дәстүрін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдендірер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.
Сайыс 4 қызықты кезеңнен өтті.
Сайыс барысында оқушылардың дайындығы мен логикалық қабілеттерін анық байқауға болады.
Нәтижесі бойынша: Бас жүлде 5 «Ә» сыныбы
І орын 5 «В» сыныбы
ІІ орын 5 «А» сыныбы
ІІІ орын 5 «Ж» сыныбы иеленді.
38 просмотров

Добавлено: 29.01.2024 в 13:33