Меню KDT

Жаңалықтар

Aғылшын тілі пәні әдістемелік бірлестігінің «English connects the World» атты ағылшын тілі пәні онкүндігінің аясында, 24 қараша күні «The Masked Singer Show» атты тақырыпта маска шоу өтті.



Астана қаласы «М.Жұмабаев атындағы № 65 мектеп- гимназиясы» КММ
ағылшын тілі пәні әдістемелік бірлестігінің «English connects the World» атты ағылшын тілі пәні онкүндігінің аясында, 24 қараша күні «The Masked Singer Show» атты тақырыпта маска шоу өтті.
Жер шарын шулатқан «Маска» шоуының қазылар алқасы тағайындалып, және өнер сүйетін тыңдарман көрермендер қошеметімен әділ бағасын берді. Бұл шоуда әртістік шеберлік, дауыс ырғағы, сахна мәдениетін, ағылшын әндерінің айтылымы бағаланды.
Ағылшын тілі пәні апталығында әр сынып параллель бойынша ағылшын әндерін айту конкурсы болып өтті, сол конкурстың жеңімпаздарының үздігін бірге анықтап және жобада төрт маска костюм киген кейіпкер өз өнерлерін паш етті. 5-10 сыныптар аралығында ағылшын әндер конкурсының үздіктері бақтарын сынады. Өз дауыстарымен, жарқын, таңқаларлық сезімдер сыйлаған үздік оқушыларырымыз өнерлерін тәнті етті: “Last Christmas” әнімен 6-сынып оқушысы Мирас Кузербаев; «All is found» әнімен 7-сынып оқушысы Сапарғали Малика – 1 орын;

«Ben» әнімен 5-сынып оқушысы Шегирбаева Айша - 3 орын;

8-сынып оқушысы Оңалбек Дария әнімен “The happiest girl”;

“Loyal brave True” әнімен 9-сынып оқушысы Балзия Тиллабекова;

“Bad guys” әнімен 8-сынып оқушысы Шегирбай Жангир -2 орын;

“No time to die” әнімен 10-сынып оқушысы Аяжан Мағауина орындап, жүлделі орындармен марапатталды.

Әр маска әртүрлі кейіпкерлер мен жануарлардың маскаларында өнер көрсетті. Бірақ оларды тану өте қиын, өйткені қатысушылардың жүздері эксклюзивті маскалармен жасырылып, ән сүйер қауымға керемет көңіл күй арнаған: «Arab» маска кейіпкері дене шынықтыру пәні мұғалімі Амиров Н.Д.;

«Horse» маска кейіпкері информатика пәні мұғалімі Ғаниқызы С.;

«Sheep» маска кейіпкері тарих пәні мұғалімі Жакупова А.С.;

«Minnie mouse» маска кейіпкері ағылшын тілі пәні мұғалімі Кусаинова А.М.; алғыс хат, сыйлықтармен марапатталды.

Білім мен өнер – егіз. «Өнерді сүйген адам өмірді сүйеді» дейді даналар.
8 просмотров

Добавлено: 25.11.2023 в 13:27