Меню KDT

Жаңалықтар

"8 минуттық оқу" жобасы



2023-2024 оқу жылының ІІ тоқсанында Елорда мектептері «8 минуттық оқу» жобасымен бастайды. Бұл жоба оқушылар арасында кітап оқуды насихаттайтын, оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігін арттыруға арналған маңызды жоба.
Жобадан күтілетін нәтиже:
Оқушылардың сөйлеу мәдениеті дамиды, ойын еркін жеткізеді.
Оқыған кітабының мәтінін талдап үйренеді, зерделейді.
Кітап оқу дағдысы қалыптасады.
8 минуттық кітап оқу дағдысын күнделікті оқу процесіне енеді.
Жобаның ережесіне сәйкес күнделікті әр ауысымның бірінші сабағы 8 (сегіз) минуттық көркем әдебиет кітабын оқудан басталуы тиіс. Әр педагог сабақтың алдында оқушыларға көркем әдебиет кітабын оқуды ұсынады, сегіз минут өткен соң, барлық оқушылар кітаптарын жауып екі минут тынығып алып, мұғалім сабақты бастайды. Оқушыларға оқуға ұсынған кітап әр-түрлі-электронды форматта және қағаз түрінде, ол көркем әдебиет кітабы, қызықты мақалалардың көшірмелері немесе ғылыми журналдар болуы мүмкін.
Барлық жобаны жүзеге асыратын оқушылар мен ұстаздарға сәттілік тілейміз
74 просмотров

Добавлено: 06.11.2023 в 15:27