Жаңалықтар
Отбасы - бақыт мекені
Бүгін Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен М.Жұмабаев атындағы N65 мектеп-гимназиясында “ОТБАСЫ-БАҚЫТ МЕКЕНІ” жобасы аясында жас отбасылар арасындағы неке және отбасы институтын нығайту бойынша семинар-тренинг өтті. Тренингте танымал спикерлер: Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы, Асанов Нұрлан Байжігітұлы, Хамидуллина Зайтуна Гадиловна сөз сөйлеп, жас отбасыларға ерлі-зайыптылардың жауапкершілігінің маңыздылығын түсіндіріп өтті. Отбасында бір-біріне деген сенімділік, қамқорлық пен адалдық құндылықтарын ұстана білген ерлі - зайыптылар ғана отбасылық бақытқа кенеле алатыны айтылды. Туған шаңырақтан алған тәрбие - бұл барша халқымыздың бақуатты да табысты болашағының кепілі. Іс-шарада белсенді қатысқан жас отбасылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
142 просмотров
Добавлено: 18.09.2023 в 14:38