Меню KDT

Жаңалықтар

Шаттық 2023



Сәуір айында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін "Шаттық-2023" балалар байқауы биылда өз мәресіне жетті. Байқау әртүрлі номинацияларда өткізіледі: "Хореография", "Театр", "Вокал", "Аспаптық музыка", "Бейнелеу өнері", "Хор әні" және басқалар. Биыл байқауға 7000-нан астам оқушы қатысты. Байқауға қатысушылардың жасы – 8-ден 18 жасқа дейін. Осы байқауға мектебімізден 31 оқушылар қатысып, екі апта бойы қазылар алқасының алдында өнер көрсетті. Шығармашылық сайыстың қорытындысы бойынша: аспаптық жанр (соло) номинациясында Жәнібек Шапағат және Хасен Айдар – І орын (алтын жүлде) жетекшісі: Сыздыкбаева, «Есіл толқыны» ансамбілі – ІІ орын (күміс жүлде) жетекшісі: Сыздыкбаева А.М., фотосурет номинациясында Уйсунбаев Ақжан – ІІ орын (күміс жүлде) жетекшісі: Уйсунбаев Н.Н., бейнелеу өнері номинациясында Фоменко Арина - ІІІ орын (қола жүлде) жетекшісі: Бекишева З.Г., хореография номинациясында - ІІІ орын (қола жүлде) жетекшісі: Төлеутайқызы А., вокал номинациясында Қонспай Камила жетекшісі: Қасенова Г.М. дипломмен марапатталды. Жалпы есепте мектебіміздің оқушылары 2 алтын, 2 күміс, 2 қола иеленіп, өте жақсы нәтиже көрсетті.
45 просмотров

Добавлено: 27.04.2023 в 10:59