Меню KDT

Жаңалықтар

Ағылшын тілі пәні онкүндігі басталды



15 қараша күні №65 мектеп-гимназиясында ағылшын тілі пәнінің онкүндігінің ашылуы өтті. Шараға бастауыш және жоғары сынып оқушылары қатысты. «English everywhere» атты тақырыбында, оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген ынтасын белсендіруге және арттыруға бағытталған. Шара барысында оқушыларға жұмбақтар, жаңылтпаштар ұсынылып, жеңімпаздар тәтті сыйлықтарға ие болды. Р.Ж.Бустумбаева мен С. Құлымбетова жетекшілігімен 2-сынып оқушылары ағылшынша өлең шумақтарын айтты. Дж.Толкиеннің «Сақиналар әміршісі» шығармасынан көріністі өте әсерлі тыңдап, тамашалады. 7-сынып оқушылары Шегірбаев Жәңгір мен Затаева Айым өз ойынымен баурап алып, көрермендердің лайықты қошеметіне ие болды. Ал оларды дайындаған Исабекова А.Ж. Шара жүргізушілері Маткенова А.Е. және Тұрланова М.М. қатысушыларды баурай алды. Іс-шара онкүндіктің жоспарын ағылшын тілі пән мұғалімі Байбусинова Г.И. таныстырып, барлық ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің орындауында «I've just call to say I love you» әні орындалды.
87 просмотров

Добавлено: 18.11.2022 в 18:21