Меню KDT

Жаңалықтар

№65 мектеп-гимназиясында эвакуациялық оқу-жаттығу жұмыстары өтті.



Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Сарыарқа» аудандық төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп 11-қараша күні «№65 мектеп-гимназиясы» КММ-сінде өрт қауіптілігі төнгенде оқушылар мен мектеп ұжымын қауіпсіз аймаққа эвакуациялаудың оқу-жаттығу жұмыстары өтті.
Оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізу жоспары жасалып, бекітілді. Әрбір блок, қосалқы есіктерде жауапты әкімшілік мүшелері, кезекшілер қойылып, шұғыл әрекеттер жасауға әзір тұрды. Төтенше жағдай кезінде қолданылатын барлық қосалқы есіктер ашылып, төтенше жағдайға барлық әзірлік жасалды. Мектептің азаматтық қорғау бастығының орынбасары Г.М.Токишеваның басшылығымен сағат 10.10 радиотораб арқылы «ӨРТ ҚАУІПТІЛІГІ» дабылы беріліп, мектеп оқушылары, ұстаздар, жұмысшы қызметкерлер мектептен эвакуацияланды. Кезекшілердің бақылауымен мектепте қалып қойған ешкім болмады.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Сарыарқа» аудандық төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері оқушыларға эвакуация кезіндегі қауіпсіздік ережелерін және дұрыс әрі жылдам іс-әрекет ету тәртібін түсіндірді.
271 просмотров

Добавлено: 11.11.2022 в 16:00