Меню KDT

Жаңалықтар

2022 жылы 15 қазанда офлайн форматта Аль-Фараби атындағы оқушылар сарайында «JasDEBATER» қалалық дебаттық турнир өтті.



2022 жылы 15 қазанда офлайн форматта Аль-Фараби атындағы оқушылар сарайында «JasDEBATER» қалалық дебаттық турнир өтті. Турнирдің мақсаты: өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру; оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу; республикадағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау. Турнирге №65 мектеп - гимназиясының 10 сынып оқушысы Аспандиярова Айым қатысып, финалға өтті. Турнир екі айналымда өткізілді. Бірінші айналым – іріктеу раундтары. Екінші айналым – негізгі ойындар: жартылай финал және финал. Ойын нәтижесі 21 қазан күні шығады. 
101 просмотров

Добавлено: 19.10.2022 в 13:00