Меню KDT

Жаңалықтар

2022 жылғы 24 қыркүйек күні Жамбыл ескерткіші жанында Жамбыл Жабаевтың өнерін,өмірін еске алуға арналған қалалық «Күй жәрмеңкесі»



2022 жылғы 24 қыркүйек күні Жамбыл ескерткіші жанында Жамбыл Жабаевтың өнерін,өмірін еске алуға арналған қалалық «Күй жәрмеңкесі» болып өтті. Кешке Жамбылды зерттеген ғалымдар мен шәкірттері қатысып, ескерткішке гүл шоғын қойды.Кештің екінші бөлімінде қала мектептерінің оқушылары күй жәрмеңкесіне қатысты.Гран-приге берілген «Күй анасы» республикалық қорының арнайы сыйлығы «Үкілі Домбыраны» біздің мектептің «Есіл толқыны» ансамблі жеңіп алды. Сонымен қатар жүлделі 2,3 орындарды Жәнібек Шапағат пен Байзақ Ермұрат иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жетекшісі Сыздықбай Әдемі Молғаздарқызы
87 просмотров

Добавлено: 25.09.2022 в 12:30