Меню KDT

Жаңалықтар

7-мамыр – әр отбасынан бастап мемлекет бойынша ер адамдарға айрықша құрмет көрсетіліп, олардың батылдығы мен ерлігі айтылатын күн.



Бүгін - Отанымыздың шекарасын күзетіп, бейбітшілігі бұзылмауына, тәуелсіздігі мәңгілікке жалғасуына үлес қосқан ардагерлердің, олардың ізін жалғаған жаужүрек ұлдардың, абыройы асқақ азаматтардың мерекесі. Сіздердің қауіпсіздік саласындағы айбынды істеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт пен береке тілейміз. Осы мерекеге орай біздің оқушыларымызға ұйымдастырылған іс-шарамыз.
Біздің мақсатымыз оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу. Біздің ата-бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың ең соңғысы – Ұлы Отан соғысы болды. Олардың соғысқа қатысқандағы мақсаты – ұрпақтарының, яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. Осылайша, аттың жалында, түйенің қомында жүріп, біздерге бейбіт өмірді орнатып берді.
Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отансүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі.
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.
Отбасының тірегі, елді бастар.
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ - береке әкелсін отбасыға!
211 просмотров

Добавлено: 07.05.2022 в 17:30