Меню KDT

Жаңалықтар

7-мамыр «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл»



1992 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен ҚР Қарулы күштері құрылды. Сол уақыттан бері міне, 30 жыл бойы 7 мамыр күні - Отан қорғаушылар күнін тойлап келеміз. Бұл еліміздің қорғаныс қабілетінің жетілгендігін дәлелдейтін мереке. Осы мереке қарсаңында бүгін мектебімізде саптық салтанатты шеру өтті.
Іс-шараға арнайы шақырылған құрметті қонақтарымыз ауған соғысының ардагері Алдажаров Бауыржан Асипович, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің отставкадағы подполковнигі Қабышев Ерлан Кеңесқазыұлы және мектебіміздің басшысы Елекеева Нургуль Жақсыбекқызы қатысты.
Оқушылар салтанатты шерудің қорытындысы бойынша «Үздік саптық жүріс», «Үздік ән», «Үздік әскери форма» , «Үздік командир» және «Үздік взвод» номинациялары бойынша марапатталды.
Барлық салтанатты шеруге қатысқан сыныптарға алғыс білдіреміз.
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсі
152 просмотров

Добавлено: 07.05.2022 в 17:05