Меню KDT

Жаңалықтар

26.04.2022ж күні мектебіміздің ерекше білім беру қажеттілігі бар 9 және 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру бойынша дөңгелек үстел өткізілді



 Дөңгелек үстелдің мақсаты – бітіруші сынып оқушыларына кәсіби тұрғыда өзінің өмірлік ұстанымын анықтау, өзін өзі тану, өзін тәрбиелеу, өзін дамыту, өз білімін жетілдіру жөнінде бағыт беру. Дөңгелек үстел барысында мектеп психологы Самбетбаева Б.Б. оқушылармен олардың мамандықтың қай саласына бейімділіктерін анықтауға арналған «Профиль» тестін жүргізді.
Сонымен қатар, «Жоғары білімсіз де жақсы маман иесі болуға болады» және «Жақсы маман иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу керек» деген тұжырымдарды қорғап, тоғызыншы сынып оқушылары Амангелдинов Арлан мен Рахимов Айбек пікір таластырды.
Содан соң, «Мамандықтардан салат» тренингі ойнатылды. Дөңгелек үстел соңында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақыт Р.З. ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды қабылдайтын колледждер мен жоғары оқу орындары қабылдайтыны жөнінде ақпарат берді.
221 просмотров

Добавлено: 26.04.2022 в 19:45