Жаңалықтар
26 – сәуір күні мектепішілік «Ғылым айлығы» жоспары аясында бастауыш сыныптардың ұйымдастыруымен «Мен - зерттеушімін» жобасының есебі тыңдалды.
Жобаның мақсаты: дарынды оқушыларды зерттеу жұмысына баулу, дарыны мен қабілетін шыңдау, ой – өрісін кеңейту, жан – жақты қолдау көрсету, кәсіптік бағдар беру.
Жобаның міндеттері:
- дарынды оқушылардың қабілетін шыңдау;
- зерттеу жұмысына деген қызығушылығын арттыру;
- сөздік қорларын молайту, тіл байлықтарын, ой-өрістерін кеңейту болатын
Осы мақсат, міндеттерді орындауда 4 – сыныптың 10 оқушысы 2 топқа бөлініп жыл бойы «Маған ұнайтын мамандық» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізді. Топ жетекшілері Айтжанова Бибигуль Какимовна мен Оразбекова Ақжібек Ержанқызының көмегімен әр оқушы өзіне ұнайтын мамандықты жан – жақты зерттеп, қыр – сырына қанықты
238 просмотров
Добавлено: 26.04.2022 в 19:00