Жаңалықтар
27.04. күні 1 – Мамыр халықтар достығы күніне арналған «Бейбітшілік – ел тілегі» атты мектепішілік тәрбие сағаты.
Қазақстан халқының бірлік, ыңтымақ күніне орай өткізілген шара. Бір шаңырақ астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсініктері одан әрі ұлғайып жалғассын, татулық әрдайым берік болсын, елімізде ынтымақ, бірлік болғанын балаларға жеткізу - біздің мақсатымыз болды.
Балаларды өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу! Мейрамнын шығу тарихын атап өту. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру.
Достығы жарасқан ұлт өкілдеріне арналған мемлекеттері туралы слайдтар, достық тақырыбына көсем сөздер, достық,бейбітшілік туралы әндер шырқалып, өлеңдер оқылды. Бүгінгі тәрбие сағатымызда Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз, құрметтілігіміз, парасаттылық пен имандылығымыздың айғағын оқушыларға тағы да дәлелдеп көрсеттік.
190 просмотров
Добавлено: 27.04.2022 в 17:05