Жаңалықтар
Share жобасының мүшелері волонтерлермен кездесу жиыны болып өтті.
Мектебімізде Share халықаралық жобасы бойынша волонтерлермен кезекті отырысы болып өтті. Топтағы 15 мұғалім мектеп, мұғалім, оқушыларды оқыту бойынша проблемаларды талқылап, "Өз сабақтарымда оқушылардың ынтасын қалай арттырамын?" деген зерттеу сұрағына жоспар құрды. Оқушы мен мұғалім қарым-қатынасы, құндылықтар, көзқарас, бағалау, оқушының мінез-құлқы, тәрбие, үштік одақ, жауапкершілік, т.б. мәселелер талқыға түсіп, ең маңызды деген сұрақты құрастырды. Топтың мүшелері осы сұрақ бойынша жоспар құрып, өз тәжірибесінде қолданып, нәтижелерімен бөлісуге келісімдерін берді. #share #share3
185 просмотров
Добавлено: 09.04.2022 в 17:24