Жаңалықтар
Отбасы тірегі - әке
Марапат иелерін құттықтаймыз!!!
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы ұйымдастырған "Отбасы тірегі - әке" елордалық әкелер кеңесі аясында өткізілген ҚР Тәуелсіздік күніне арналған білім беру ұйымдарының әкелер мен жасөспірімдер арасындағы "Рахмет саған, туған ел!" атты патриоттық әндер байқауында "Ерекше ән айту шеберлігі" номинациясын алғаны үшін №65 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Сейлханов Асанәлі және ағасы Байкенов Арсен дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Қасенова Г.М.
«Парасатты отбасы» атты қалалық онлайн байқауына қатысып, өнер көрсеткені үшін 5 сынып оқушысы Нарегеева Мадина Алғыс хатпен марапатталды.
Жоғарыда аталған байқауларға қатысушыларды ұйымдастырғаны үшін және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының іс-шаралары мен жобаларына кәсіби шеберлік, белсенділік танытқаны үшін №65 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шматова Нургул Бердакимовна «Нәтижелі еңбек» номинациясымен марапатталды.
Марапат иелерін құттықтаймыз!!!
207 просмотров
Добавлено: 22.12.2020 в 19:32