Меню KDT

Жаңалықтар

«Сенің қолыңнан келеді!»


Бүгін 13.04.2019 ж Нұр-Сұлтан қаласының паралимпиадалық орталығында, №65 мектеп- гимназиясының ұйымдастыруымен «Бочча» спорттық  ойыны түрінен «Сенің қолыңнан келеді!» тақырыбында мектеп директоры кубогы үшін І инклюзивті жарыс болып өтті.


Бүгін 13.04.2019 ж Нұр-Сұлтан қаласының паралимпиадалық орталығында, №65 мектеп- гимназиясының ұйымдастыруымен «Бочча» спорттық  ойыны түрінен «Сенің қолыңнан келеді!» тақырыбында мектеп директоры кубогы үшін І инклюзивті жарыс болып өтті.

         Аталған балалармен жасөспірімдерге арналған ауқымды іс-шараға қаланың бірнеше мектептерінен командалар қатысып, боччадан жарысты және әрбір қатысушы жылдамдыққа,ептілікке, күшке және дәлдікке сыналды.

         «Сенің қолыңнан келеді!» спорттық фестивальдың негізгі мақсаты-  ерекше қажетті бар балалардың өмір сапасын жақсартуға ықпал жасау, оларды әлеуметтік- мәдени және спорттық қызметке араластыруға ат салысу, сондай-ақ  оңалту құралдары ретінде инновациялармен жоғары технологияларды енгізу.

Біздің ойымызша,бүгінгі фестиваль дәстүрлі және жыл сайынғы қалалық маңызы бар іс- шараға айналады. Мектеп директоры Нұргүл Жақсыбекқызы Елекеева ашылу салтанаты сәтіндегі сөзінде «Біздің ортақ мақсатымыз- жеңімпаздарды анықтау ғана емес, сондай-ақ, өмірлік құндылықтарды нығайту үшін мереке ұйымдастыру, рухы күшті адамдарды және олардың қайрат, жігерін дәріптеу» - деді.

         Ерекше балалармен жұмыс жасайтындардың бірі- бочча ойынының тренері Орынбасаров Сұлтан. Жас кезінен осы спорт түрін зерттеп оқыған Сұлтан Орынбасарұлы балаларға ойын құпияларын шын ықыласпен үйретеді.

          «Жаттығу біртектес болғанымен, онда тұрған ештеңе жоқ. Менің жаттығушыларымның басқа балалардан ешқандай айырмашылығы жоқ. Мүмкін, тәсілдерді үйрету барысында көп уақыт кететін шығар, бірақ олардың қайсарлықпен құштарлық сезімдері ешкімненде кем түспейді. «Сенің қолыңнан келеді!» спорт фестивалін ұйымдастырған №65 мектеп- гшимназия әкімшілігіне үлкен алғыс білдіремін»- деді «Бочча» федерациясының президенті Сұлтан Сағындықұлы.

         «Бочча» ойыны - бұл спортшыдан физикалық денсаулық қана емес, барынша жинақылық пен төзімділікті қажет ететін спорттың интеллектуалды түрі. Біз барлық конкурс қатысушыларына алғыс білдіріп, жарыста ғана емес өмірде де дендері сау, жинақы және төзімді болуларын тілейміз.

         Барлықтарыңызға таусылмас энергия, сәттілік, қайсарлық, лайықты қарсылас және жеңіс тілейміз!

Координатор: Қ.А. Жақанова


481 просмотров

Добавлено: 13.04.2019 в 14:25